Қазақстан Үкіметі 2024 жылы 25 қаңтарда “Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады.
«2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен запастағы офицерлер оның ішінде әскери қызметке жарамды және оны өткермегендер әскери қызметке 24 ай мерзімге шақырылсын, олар офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқару үшін шақырылсын», — делінген құжатта.
2024 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны:
ҚР Қарулы Күштерде — 600 адам;
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде — 80 адам;
Ұлттық ұланда — 42 адам;
ТЖМ-де — 30 адам.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.
Қаулы 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.




