13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мал қораға кіргендей болдық»: Ырысбала Икрамбай 43-баспанаға ие болған көпбалалы анаға шүйлікті

26 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«Мал қораға кіргендей болдық»: Ырысбала Икрамбай 43-баспанаға ие болған көпбалалы анаға шүйлікті
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал блогер, қайырымдылықпен айналысып, халыққа баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай ашынған жазба жариялады.

Блогер халықпен бірге сыйлаған үйдің адам танымастай өзгергенін айтады.
“Ешкім тұрмаған су жаңа үйді сыйладық. Барлық үйге қажет дүниелерді сатып алдық. Мен базар аралаудан, үй іздеуден жалыққан емеспін. Бірақ мынау үй ме, мал қора ма?! Біз табыстағанда қандай болды?! Үй газбен жылитын болған. 3 әлде 4 баланы интернатқа өткізген, басқасы қараусыз, аш, жалаңаш. Мына балалардың іздеушісі, сұраушысы бар ма? Әкесі өлсе де әкесінің ұрпағы деп қарайтын жанашыр адам бар ма алып кетіп араша түсетін?! Бір күні аштан-аш өлтіреді. Халықтың садақасына алынған үйдің обалы кімге?! Маған араласпа, сен кімсің, халық алды үйді дедіңіздер. …Үйді қиратып, тастанды, қоқыс қылса да үндемеуім керек пе?! Обал емес пе, елдің садақасынан жиналған ақша ғой?! Дайын үйді тазалап ұстау қолынан келмесе, өзі туған балаға жаны ашымаса, ана деуге келе ме?» – деп ренжіді ол.

Сондай-ақ блогер не үшін үйдің қабырғасы ылғалданып, көктеп кеткенін түсіндірді.
“Газбен жылитын үй болғасын, өмір бойы ошақ жаққан әйел ғой деп қатып қалған суын жөндеп беріп кеткенбіз. Оны сіздерге айтқан жоқпын. Үйдің кіреберісінде бөлме бар. Газ бен судың токтары жалғанған. Балалары кішкентай болғасын қауіпсіз болсын деп арнайы жасаған едік. Соны ашып көрмеген. Қыста су қатып қалған. Содан үй ылғалданып, көгеріп кеткен”, – деп түсіндірді блогер.

Previous Post

Елімізде азаматтарды Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге жіберу үшін Сапар орталықтары ашылады

Next Post

Студенттерге енді жатақханадан орын алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі