13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Құтыру — аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру

4 апреля, 2024
in Денсаулық
0
Құтыру — аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру
Share on FacebookShare on Twitter

Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтурудан жыл сайын 50 мың адам өлімге ұшырайды және 1 млн. жануар өледі. Вирусты тасымалдаушыларға жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және үй жануарлары жатады. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе терінің зақымдаған жеріне олардың сілекейі түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін, алғашқы белгілерінің білінуі 10 күннен 1 жылдан артық уақытқа созылуы мүмкін, ұзақтығы тістелген орынға байланысты. Құтыру ауруының емі жоқ алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі — жүйелі құтыруға қарсы екпе алу екенін білу қажет. Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
​Құтырма ауруын болдырмау үшін мынадай сақтық шараларын сақтаған жөн: ит пен мысықты ұстау ережесін сақтау және де итті аулада байлаулы күйде ұстау; балаларды бөтен ит, мысықтарға жақындап ойнамауды түсіндіру керек; үйдегі ит, мысық және ауылшаруашылық малдарын құтырмаға қарсы екпеден өткізу; егерде сіздің итіңізді бөтен жануарлар тістеп алған болса, оған жақындамауға және жануарларыңыздың мінез-құлқы өзгерсе, ветеринарлық дәрігерді шақырту қажет.
​Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Б.Елемесов

ТО СЭБД басшысының орынбасары

Previous Post

Көкжөтел ауруының алдын алу туралы мамандар кеңес берді

Next Post

Дұрыс тамақтанудың жолдары қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі