13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда робот сот орындаушы іске қосылды

22 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда робот сот орындаушы іске қосылды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әділет министрлігі Таразда республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилот жобаны іске қосты.

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаса, оның 25%-ке дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеу міндеттелетін. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.
Жаңа жобаның арқасында Қазақстан азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады. Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.
Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажет екені туралы SMS хабарлама жібереді.
Айыппұлды ерікті түрде төлемесе, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау туралы атқару парағын ұсынады.
Уақытылы төлем жасалса, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.
Жоба сәтті жүзеге асса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.

Previous Post

Қазақстан жыл соңына қарай бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді

Next Post

Өскеменде қорқынышты бетперде тағып, көлік айдаған автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі