13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан жыл соңына қарай бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді

22 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан жыл соңына қарай бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың соңына қарай елде бірыңғай QR-код жүйесіне көшу жоспарланып отыр.

Осылайша азаматтар бір банктің QR-төлем қосымшасын ашып, басқа банктердің құрылғылары, қосымшалары арқылы төлем жасай алады.
«Қазіргі уақытта QR-код арқылы төлем жасау қызметі бірқатар банкте банкішілік дәрежеде енгізілген. Дегенмен QR-код арқылы банкаралық төлем жасау қызметін 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр”, – деп жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Қазақстанда QR-кодтың Ұлттық стандарты бар. Ол төлем QR-кодын генерациялаудың бірыңғай әдістемесі мен оларға қандай деректер қажет екенін белгілейді.
Ұлттық банктің айтуынша, Ұлттық стандарт – QR-кодты генерациялау үшін қажет ережелер жиынтығы болса, QR-код арқылы төлем жасау (транзакцияларды өңдеу) банкішілік жүйелер мен банкаралық дәрежеде жүзеге асырылады.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тұтынушылардың мобильді 100 аударым қағидатына қатысты шағымына жауап берген еді.
«Бұл жаңа құрал емес. Мысалы, 2020 жылы еліміз бойынша 150 мың төлем терминалы болса, қазір миллионнан асты, мобильді төлемдер 3 триллион теңге болса, қазір ол 4 есе өскен. Демек сауда саласы QR-жүйеге дайын. Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес», – деді сауда және интеграция министрі.
Ал «Ақ жол» партиясының депутаты Асқар Садықов мәжіліс отырысында мобильді аударымдарды бақылауға алғаннан кейін кәсіпкерлер көп шағымданып жатқанын жеткізген еді.

Previous Post

Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі

Next Post

Қазақстанда робот сот орындаушы іске қосылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі