13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арықтататын дәрі ішкен қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалды

19 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Арықтататын дәрі ішкен қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстаулық кардиохирургтар арықтауға арналған дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған 30 жастағы науқасты аман алып қалды. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желтоқсанда жас әйел аурухананың қабылдау бөліміне өте ауыр хәлде «жүрек жеткіліксіздігі» диагнозымен түсті. Науқастың қан қысымы күрт төмендеп, кардиогенді шок алған. Ультрадыбысты зерттеу кезінде дәрігерлер жүректің жиырылу қабілеті төмендегенін анықтады.
«Ата-анасының айтуынша, науқас «Молекула» атты арықтататын дәрі ішкен. Біз дәрі жүрекке әсер етті деген қорытындыға келдік. Себебі салмақ тастауға арналған дәрі-дәрмек құрамында жүрек-қан тамырларын әлсірететін «сибутрамин» деп аталатын зат бар. Науқастың қан қысымын қалыпқа келтіре алмағаннан кейін біз оны тез арада жасанды жүрек-өкпе құрылғысына және механикалық желдету аппаратына қостық. Соның арқасында қан қысымын 70-ке дейін көтердік», — дейді кардиохирург дәрігер Абунасыр Суханов.
Жасанды жүрек-өкпе құрылғысы науқастың денесінде бір апта тұрды. Емдеу кезінде қан қысымы да қалпына келді. Оянғаннан кейін әйел аппараттардан ажыратылды. Қазір науқастың жағдайы жақсы.
Анасы дәрігерлерге қызын аман алып қалғаны үшін алғыс айтты.
«Мұның бәрі дәрігерлердің шеберлігі мен біліктілігінің арқасында болды. Операция тегін жүргізілді. Мен аурухана басшылығына, кардиохирургия, реанимация бөлімшесінің дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», – деді әйел.
Мұндай шұғыл операциялар медицина көмегінің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жүргізілетінін еске сала кетейік.

Фото: doctorbormental.ru

Previous Post

Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім қабылданды

Next Post

Шымкенттіктер 2023 жылы VIP-нөмірлерге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі