13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім қабылданды

19 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім қабылданды
Share on FacebookShare on Twitter

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіледі.
«Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағындабірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» үкіметтің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек», — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін “Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу туралы ұсыныс айтқан еді. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу ұсынылған еді. Мамандар мұның денсаулыққа пайдасын айтты.

Фото: baamboozle.com

Previous Post

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері өзекті мәселелерді талқылады

Next Post

Арықтататын дәрі ішкен қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі