13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

1 адам күдікті деп танылған: Прокуратура «Almaty» хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты

18 января, 2024
in Жаңалықтар
0
1 адам күдікті деп танылған: Прокуратура «Almaty» хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласының прокуратурасы 13 адамның өмірін жалмаған хостелде болған өртке қатысты қосымша дерек бөлісті. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура ұсынған ақпаратқа қарағанда, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 292-бабының 3-бөлігінде (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бойынша қылмыстық іс тіркеуге алынған.
“Аталған қылмыстық іс бойынша 1 адам күдікті ретінде танылды. Қазір Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өтіп жатыр”, – деп мәлімдеді прокуратура. Тергеудің қорытындысына сай заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салсақ, 2023 жылғы 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған едік. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді.
Оқиға орнына келген Алматы әкімі Ерболат Досаев жатақхананың заңсыз жұмыс жасағанын айтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өртенген “Аlmaty hostеl” жатақханасы кепіл ретінде банктердің біріне тиесілі. Жатақхана осыдан 1,5 ай бұрын жалға алынған жертөлені заңсыз ауыстырып ашылған. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның әртүрлі нұсқалары қарастырылуда. Нақты себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылған.

 

Previous Post

"150 қонақ шақырып қойғасын бас тарта алмадым": Қалыңдық үйлену тойына не үшін жалғыз қатысқанын түсіндірді

Next Post

Аязда далада жалаңаяқ жүгіріп жүрген балабақшадағы балалар жұртты шошытты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі