13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«150 қонақ шақырып қойғасын бас тарта алмадым»: Қалыңдық үйлену тойына не үшін жалғыз қатысқанын түсіндірді

18 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«150 қонақ шақырып қойғасын бас тарта алмадым»: Қалыңдық үйлену тойына не үшін жалғыз қатысқанын түсіндірді
Share on FacebookShare on Twitter

Омск қаласының тұрғыны, қалыңдық Адина Мұқашева үйлену тойына жалғыз өзі қатысты. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыңдық тойға күйеу жігіттің не үшін қатыспағанын түсіндірді.
“2022 жылы үйлену тойымызды жоспарладық. Басқа жас жұбайлар секілді мұсылмандық неке мен заңды неке, қыз ұзату, үйлену тойы болады дедік. Бірақ елдегі жағдайға байланысты бәрі тоқтатылды”, – деп бастады әңгімесін қалыңдық.

Айтуынша, той басталар алдында күйеу жігіттің денсаулығы сыр берген.
“Болашақ күйеуім той басталатын кезде ішінің ауырып тұрғанын айтты. Біз жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер оның диагнозы соқырішек екенін айтып, дереу ота жасауға дайындады. Бірақ ол бейнеқоңырау арқылы қатысты. Үйлену тойымызды 4 ай бұрын жоспарлағандықтан өзгерте алмадық. Одан кейін 150 қонақ шақырғасын барлығына той болмайды деп хабарлау мүмкін емес еді. Өзімнің алыстан туған-туыстарым келді. Тойхана мен тойды жүргізетін әзілкешке ақысын төлеп қойдық. Оның бәрі шығын болғандықтан, өзім қатысуға тура келді. Сол кездегі менің көңіл-күйімді айтып жеткізу мүмкін емес еді. Бірақ екі жақтағы туысқандардың қолдауы маған күш берді. Жалпы болашақ күйеуім көпшілік алдына шыққанды ұната бермейді. Екеуміз тойды жүргізетін әзілкешпен жолыққанда, ол: “Сол күні мен түк істемей тек отырайыншы болмаса жатайыншы. Маған елдің алдына шыққан ұнамайды” деп әзілдеп еді, айтқаны орындалды. Бірақ ол да ауруханада жатып, күйзелгені анық”, –дейді Адина.
Желі қолданушылары қыздың батылдығына таңдай қағып жатыр. “Қалыңдық, жарайсың!”, “Бақытты болыңыздар!”, “Онлайн қатысқан күйеу жігітке де рақмет”, “Жыл тойы болды” деп жарыса жазып жатыр.

 

Фото: https://www.instagram.com/charodeiikka/

Previous Post

Сұлулық салонына барған көкшетаулық тұрғын мерт бола жаздаған

Next Post

1 адам күдікті деп танылған: Прокуратура "Almaty" хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі