13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ақшадан қиналып кетті»: Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

18 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«Ақшадан қиналып кетті»: Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды
Share on FacebookShare on Twitter

Атырау облысында өзін-өзі өртеген ер адам мерт болды. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Доссорда өзін өртеуге бел буған 62 жастағы Біржан Баетов үш күн жансақтау бөлімінде жатып, сол күйі есін жимады. 17 қаңтарда таңғы сағат 5-тер шамасында ол көз жұмды. Оның денесінің 70%-ын күйік шалған еді.
Атырау полиция департаменті ер адамның өзін өртеуіне отбасындағы жанжал әсер етті деп мәлімдеді. Алайда жақындары мен көршілері бұған келіспейді. Әйелінің сөзінше, күйеуі жоқшылықтан әбден қажып, осындай қадамға барған.
Марқұм – көпбалалы әке, артында екі ұлы, төрт қызы қалды. Өндірісте қолы жарақаттанып, 3-топ мүгедектігін алған. Көше тазалап, мал бағумен айналысқан, аула да сыпырған. Тұрақты жұмысы болмай, кейін жұмыссыздар есебінде тұрды.
Әкімдік берген жалдамалы үйіне несиеге жиһаз бен түрлі зат сатып алған. Екі қызын ұзатқанда да қарызға батқан көрінеді.
“Бізге қиын болып кетті. Бала-шағаға да жеткізе алмай, тамақты да несиеге, қарызға алдық. Қарызды қайтадан беремін. Сөйтіп қиын жағдай болып кетті. Жолдасым да қиналып кетті, мен де қиналдым. Жұмысым да тұрақты болмады. Екеуміз арасында осылай жанжалдасып, ұрысып қалатынымыз бар. Сол қиындықты жолдасым көтере алмады”, — дейді әйелі.
Қазақстан аумағында мұнай өндірісі 1911 жылы Доссор кентінен бастау алған. Халық саны – 14 мың адам. Кенттің жүзге жуығы жергілікті мұнай өндіру компаниясында істейді. Мәлімдеулерінше, басқа мыңдаған адам үйдегі қариялардың зейнетақысына, мұғалім немесе тәрбиеші болып істейтін әйелдердің жалақысына күнелтіп отыр. Одан басқа жұмыс жоқ.
“Бұл кісінің қазасы жайлы неше түрлі ақпарат беріп жатқан болар. Мұны терең зерттесек, бәрі тұрмыстық жағдайға келіп тіреледі. Халықта жұмыс жоқ. Балаларына жұмыс жоқ. Келген келінде де жұмыс жоқ. Соның бәрі әсер етеді”, — деді жергілікті белсенді Ғазиз Ғабдуллин.
Еске сала кетсек, Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жібергені айтылды. Ол ауруханаға жеткізілген еді.

Previous Post

Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған мұғалім жұмыстан қуылды

Next Post

Сұлулық салонына барған көкшетаулық тұрғын мерт бола жаздаған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі