13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған мұғалім жұмыстан қуылды

18 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған мұғалім жұмыстан қуылды
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында мұғалім оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған, — деп хабарлайды 13.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған.

 

Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

«Оқытушы — төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды», — делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Previous Post

ТЖМ автобуспен бірге шахтаға құлаған екі адам аман қалуы мүмкін деп отыр

Next Post

"Ақшадан қиналып кетті": Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі