13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісім-шарт жасауға тыйым салынбақ.

16 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісім-шарт жасауға тыйым салынбақ.
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Қазір құрылыс компаниялары қолданыстағы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды айналып өтіп, нотариалдық куәландырусыз және әділет органдарында тіркелмей-ақ адамдармен келісім-шартқа отырады. Бұл брондау, инвестициялау және тапсыру келісімдері. Осыған байланысты жаңа проблемалық нысандардың пайда болу қаупі бар.
Бүгінде Қазақстанда баспана сатып алу үшін алдын ала құжаттарға қол қойып, жосықсыз құрылыс салушыларға алданып қалған 6,8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік салымшылары бар.
Осы себепті министрлік осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін түзетулер әзірледі. Олардың қатарында салынып жатқан көпқабатты үйлерде үй-жайларды алуға байланысты алдын ала келісімдер жасасуға тыйым салу да бар.
Сонымен қатар, ғимарат құрылысын тоқтата отырып, үлескерлерден заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұлды 300 АЕК-тен 2 мың АЕК-ке дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, рұқсаты болмаса, үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында жарнамаға тыйым салынады.
Жоғарыда аталған заңның реттеу аясына «аз қабатты құрылыс» ұғымы енетін болады. Ал әкімдіктер компаниялардың үлескерлерден ақша тартуының заңдылығын қадағалауы керек.

Previous Post

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

Next Post

"Екі достың көзін құрту үшін көмек сұраған": Қырғыз президенті терезеден секіріп қашып кеткен депутат туралы айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі