13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

15 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Желіде Жетісу облысының Алакөл аудандық мәлихатының депутаты Дәурен Слямовты өлтіріп кетті деген ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовтың өліміне қатысты ақпарат тарады. Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің. мәліметіне сәйкес, 15 қаңтар күні сағат 15:25 шамасында Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласындағы салынып жатқан нысандардың бірінде алкогольге мас болған ер адамның жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. «Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері күдікті ретінде 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жұмысшыларды қорғамақ болған 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына бес минутта жетіп үлгерген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Алайда зардап шеккен азамат алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», — делінген ресми хабарламада. Қазіргі уақытта күдікті Алакөл аудандық полиция бөлімшесіндегі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Аталған жағдай бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Previous Post

Өскеменде үйдің кіреберісінде өлі табылған ер адам танымал спортшы болып шықты

Next Post

Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісім-шарт жасауға тыйым салынбақ.

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі