13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Әлемде

Анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді

8 декабря, 2020
in Әлемде
0
Анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді
Share on FacebookShare on Twitter

Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында көшеден үсіп өлген жеті айлық қыздың денесі табылды. Бұл туралы  Sputnik.kz хабарлайды.
Нәрестенің анасы табылған кезде мас болды, ол баланы аязда қалай тастап кеткенін түсіндіре алмады, деп мәлімдеді Тыва Республикасы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, өлі табылған жеті айлық қыз туралы хабарлама полицияға таңертең түскен. Аталған факті негізінде РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы (баланы өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел қызметкерлер аз уақыт ішінде көз жұмған баланың отбасын анықтады.

«Қыздың ата-анасы ішімдікке салынған, тұрмысы нашар отбасы ретінде тіркелген. 40 жастағы әйел бұған дейін үш баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылған. Шұғыл шаралар кезінде ол 2020 жылдың 5 желтоқсанында спирттік ішімдік ішкенін айтты, алайда баланың көшеде қалай қалып қойғанын есіне түсіре алмады», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бала өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзана мен баламаскунемТыва Республикасы
Previous Post

«Қоғамдық келісім» РММ-де жаңа тағайындау

Next Post

Ветеринарлық комитет шошқаның африкалық обасының елімізде алдын алу шараларын ұйымдастыруда  

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі