13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қоғамдық келісім» РММ-де жаңа тағайындау

8 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
«Қоғамдық келісім» РММ-де жаңа тағайындау
Share on FacebookShare on Twitter

Константин Харламов Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
К.И. Харламов ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болады.

Ол 1984 жылғы 22 наурызда дүниеге келді.
2005 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді «журналистика» мамандығы бойынша, 2015 жылы — магистратураны Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Мемлекеттік (қазақ), орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2003 жылы «КТК телеарнасы» АҚ, «Караван» газетінде, «Біздің Спорт» интернет-сайтында тележүргізуші, тілші болып бастаған.
2006 жылдан 2008 жылға дейін «Астана телеарнасы» ЖШС-де тележүргізуші, шығарушы редактор болып жұмыс жасады. Әр жылдары ол ҚР Жоғарғы Соты БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас консультанты, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымын Дамыту Бағдарламасы) PR-маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз хатшысы, ВТБ Банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) баспасөз хатшысы, Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Константин Харламов Қазақстан футбол федерациясы ақпараттық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті. 2017 жылғы сәуірден бастап қазіргі тағайындауға дейін ол Atameken Business телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Бизнес и Закон» және «Наше Дело» апталық аналитикалық бағдарламалар авторы мен жүргізушісі болып жұмыс жасады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қарулы күштерде жауынгерлік даярлықтан сабақтар өтті

Next Post

Анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі