13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті

13 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Анклавтың денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәліметінше, Израиль армиясы 150 медициналық мекемеге зақым келтірген, оның 30-ы толығымен істен шыққан. Қаза тапқандардың ішінде 330-ға жуық дәрігер бар. Израиль әскерилері 99 палестиналық дәрігер мен кіші медициналық қызметкерді ауыр жағдайда тұтқында ұстап отыр.

Естеріңізге салсақ, 7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы «Әл-Ақса дауылы» операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.

Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.

Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы «Темір қылыш» операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.

Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.

Previous Post

Қазақстанда бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп бар

Next Post

Елімізде соңғы тәулікте 92 өрт тіркелді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі