13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА» ҮЙІРМЕЛЕРГЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСАДЫ

9 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА» ҮЙІРМЕЛЕРГЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында” бүгінде 1500-ге жуық оқушы қосымша білім алады. Олар түрлі үйірмелер мен авторлық жобаларға қатысады.
Оқушылардың арасында 86 «Алтын алқа» иегерінің, 210 «Күміс алқа» иегерінің, 68 толық емес отбасы, 5 ерекше бала, 67 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін білім алады. Бұл жайында брифингте мекеме басшысы Индира Икапова мәлімдеді.
Оның айтуынша, “Оқушылар сарайы” негізгі үйірмелерден бөлек, республикалық деңгейдегі бірнеше авторлық жобаларды қолға алған. Соның бірі — “Jas Talant” республикалық онлайн-конкурсы. Бірнеше турдан тұратын конкурс нәтижесінде, жеңімпаздар мемлекеттік университеттерде тегін оқу мүмкіндік алған.
«Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен ІІІ – Республикалық «JAS TALANT» онлайн байқауы өтті. Конкурс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ-мен меморандум аясында білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері арасында өтті. Осы орайда 80-ге жуық өтініш келіп, үздік деп танылған 20 қатысушыға оқу орындарының грантары мен түрлі жеңілдіктер берілді. Бұл байқау 2021-2022 жылдары да қолға алынды. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мамандығы жоқ әйелдер үшін «Ісмер ана» жобасы жұмыс істеп тұр. Жобаға қатысушылар «Оқушылар сарайының» тігін шеберханасында «Киім моделін жобалау» үйірмесінде тігін өнерін меңгере алады. Қазіргі таңға дейін 40-қа жуық ана білім алды. Бүгінде «Ісмер ана» жобасының жетінші тобы білім алуда. Жобаға қатысқан Ж.Жанболатова 1 млн. 200 мын, ал Г. Утепова мемлекеттен қолдау тауып, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде «Атамекен» ҚР Ұлттык кәсіпкерлер палатасының грантын ұтып алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр,-дейді Индира Сарқытқызы.
Сонымен қатар, Оқушылар сарайында «Unisat» — білім беру хабы, «Qumyra» — қыш өнері және «Kade» — жобасы қолға алынған. «Kade» — жобасы аясында өңірде жасалатын құмыра, қолөнерлер бұйымдарын, шапандар мен тақияларды және басқа да ұлттық нақыштағы заттарды сатылымға шығарып келеді. Одан бөлек, орталықта кішкентай балаларға арналған интеллектуалдық «Danyshpan Education» — дамыту ойындары бар.
Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«АБУ-ДАБИ – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ

Next Post

Тоқаев таяу арада Әзербайжанға барады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі