13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АБУ-ДАБИ – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ

9 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«АБУ-ДАБИ – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы және «Wizz Air Abu Dhabi» әуекомпаниясының өкілдерімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 16 қаңтардан бастап «Түркістан – Абу-Даби» әуе рейсі ашылады.
Осыған орай, бүгін Түркістан Халықаралық әуежайында «Wizz Air Abu Dhabi» әуекомпаниясының өкілдерінің қатысумен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, «YDA Group» компаниясының авиация саласындағы бас директоры және Басқарма мүшесі Хамди Гювенч, «Wizz Air Abu Dhabi» Ұлттық компаниясының коммерциялық аға менеджері Крислен Кери, Абу-Даби қаласының туризм және мәдениет департаментінің өкілі Тимур Сусаров БАҚ өкілдерімен кездесіп, жаңа әуе рейсі жайлы толық ақпарат берді.
— Түркістан қаласы — түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы. Сондай-ақ, биыл түркі мемлекеттерінің туристік астанасы атанып отыр. ҚР Үкіметі тарапынан қаланың сауда-экономикалық қатынастарының нығаюына және туризм саласының жан-жақты дамуына ерекше ден қойылып отыр. Осы мақсатта Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық әуе рейстері ашылуының маңызы аса жоғары. Тікелей әуе рейсі мен билет бағасы — Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ, көршілес мемлекеттер мен қалалардан келетін қонақтар үшін өте тиімді. Бұл жұмыстардың барлығы да қаладағы туризм саласының қарқынды дамуына, өңірдің әлеуметтік-экономикасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз,- деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
Сондай-ақ, «Wizz Air Abu Dhabi» әуекомпанияның өкілі Крислен Кери Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі әрі тарихи қала Түркістанды Орта Азиядағы танымал туристік бағыттар қатарына қосу жайын баяндады. Айта кетейік, билеттер 2023 жылдың қараша айынан бастап «wizzair.com» сайты мен мобильді қосымшасында сатылымға шыққан. Бағасы — 20 мың теңгеден басталады. Рейстерді сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рет орындау жоспарлануда.
Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА» ҮЙІРМЕЛЕРГЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі