13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

9 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

 

2024 жылғы 8 қаңтарда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысты осы комиссия төрағасының орынбасары Ж.Сүлейменов жүргізіп отырды.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс  әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық білім, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары қатысты.

Күн  тәртібінде  білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан Түркістан облысындағы 8 мектептің құрылысын қаржыландыру туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғ.Жұмашев баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында 2024-2026 жылдары облыста 6512 оқушы орын тапшылығын, апат алдындағы, үш ауысымды мектептердің мәселесін жою және ғимараты ыңғайластырылған мектептердің орнына 23 мектептің құрылысын салу қажет ететіндігін айтып өтті.

Басқарма басшысы бүгінде 23 мектептің ішінде 8 мектептің (Қазығұрт,  Сайрам, Ордабасы, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас, Төлеби, Сауран аудандарындағы) жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігіне мектеп құрылыстарын салу ұсынылғанын жеткізді. Сондай-ақ, қалған      15 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы 2024-2025 жылдары әзірленетінін айтты.

Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 17.02.2023 жылғы №38 бұйрығының 2-тарау, 6 тармақ 5 тармақшасына сәйкес комиссия отырысының оң қорытындысы мектептердің құрылысын білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жүргізуге негіз болатындығын түсіндірді.

Депутаттар аталған мәселені жан-жақты талқылап, бірауыздан қолдады.

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛЫ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі