13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

9 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында зейнеткерлердің шипажайларға кезекке тұруы бойынша жаңа қызмет іске қосылды. Қариялар енді санаторлы-курорттық ем қабылдауға «geo-shym.kz/» порталы арқылы өтініш беріп, кезек ретін онлайн бақылай алады. Өтінім білдіру үшін жеке электронды сандық қолтаңба кілтін пайдаланып, жүйеде тіркелу қажет. Қазіргі таңда кезекте тұрған 22 мыңнан астам азаматтың мәліметі базаға енгізілді.
 Зейнет жасындағы азаматтар кезекке тұру үшін бұған дейін қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына арнайы баратын еді. Тізім де басқармада сақталатын. Мәліметке сүйенсек, жыл сайын шипажайларда ем қабылдауға 13 мыңға жуық зейнеткерден өтініш түседі. Кезек ретіне қарай олар шипажай жолдамаларымен қамтамасыз етілуде. Былтырдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылды.
Жалпы, қалада 89 926 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 2 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 1 950 тыл еңбеккері бар. Зейнет жасындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы бойынша үш «Белсенді ұзақ өмір орталығы» қызмет көрсетуде. Өткен жылы қарттардың игілігі үшін сыйымдылығы 70 адамды құрайтын «Ізетті зейнеткер» атауымен шипажай ашылды. Демалушылар үшін ғимаратта арнайы электромагнитті терапия бөлмесі, дәрілік шөп тұнбалары ұсынылатын фито бар, сумен емдеу орталықтары – бассейн мен фитобочка (шөп буына булау), кітапхана, мәжіліс залы, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген ем-шара бөлмелері қарастырылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

«ШЫМҚАЛА» ЭТНОАУЫЛЫ ЖАҢАРАДЫ, ЖАНДАНАДЫ

Next Post

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі