13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

8 января, 2024
in Жаңалықтар
0
АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өтті. Оған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев, ҮЕҰ және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Есепті конференцияда Азаматтық Альянс ЗТБ қызметінің былтыр жүзеге асқан жұмыстары және 2024 жылға жоспарлары талқыға түсті. Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы ЗТБ төрағасы Жұмағали Білісбеков өткен жылы оң нәтижелер болғанын айта келе, биыл да бірқатар іс-шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.
Өткен жылы Азаматтық Альянс мүшелері түрлі тақырыптар бойынша 8 Өңірлік азаматтық форумға қатысты. Екі күндік Азаматтық форум ұйымдастырылып, онда 200-ден астам ҮЕҰ өкілдері бас қосты. Сонымен қатар, тақырыптық ашық есıк күндерı, түрлі конкурстар, әлеуметтік жобалар, тренингтер өткізілді.
– Биыл да бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қаладағы азаматтық ресурстық орталықтың жұмысын жандандыру, азаматтық форумдарда қабылданған жоспарларды іске асырсақ дейміз. Азаматтық ресурстық орталық әлеуметтік тапсырыс бойынша одан әрі жұмысын жалғастырады. Одан бөлек, ҮЕҰ-дың дамуы, олардың біліктілігін арттыру үшін көптеген іс-шаралар өткізіледі.
Көршілес елдердің ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе атқаратын жобаларымыз да бар, – деді Жұмағали Дәулетбекұлы.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев ЗТБ өкілдеріне түрлі идеяларды ұсынуды, жалпы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласының Азаматтық Альянс басшылығы азаматтық сектордың барлық қатысушыларына қала тұрғындарының өмірін және қоршаған ортаны жақсартуға қосқан үлестері, ұмтылыстары үшін алғыс білдірді.
Tags: 13kz13kz.kz13кзАльянсШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі