13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұзды артық тұтынбаңыз!

6 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Тұзды артық тұтынбаңыз!
Share on FacebookShare on Twitter

Тұз — натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылуында маңызды рөл атқарады.

Жас және жыныс бойынша тұзды күніне тұтыну нормасы (граммен есептегенде)

Ер адамдарға

Күніне 2-4 г натрий, яғни бұл 5 г тұзға тең

Әйел адамдарға

Тәуелігіне натрийдің ұсынылған стандатты дозасы — кез-келген ересек адамдағыдай, бірақ күніне 2 г кем емес, өйткені жетіспеушілік болмауы аясында дегидратацияға (сусыздануға) ұшырайды, ал лактация кезінде натрийдің созылмалы жетіспеушілігі лактостаз бен маститтің қайталануына әкеледі.

Балаларға

Жаңа туылған нәрестелер тұзды ана сүтінен алады, ал 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға күнделікті доза 0,3 граммнан аспауы қажет. Ал 14 жастан асқан балаларға күніне 2-3 грамм болуы тиіс, яғни бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі.

50 жастан кейін

Тұздың күнделікті нормасы бастапқыда 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс.

Тұзды көп мөлшерде тұтынғанда ағзадағы сұйықтықтың шығуы қиындайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.
Қан қысымын көтереді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.
Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады, қауіп тобына қатерлі ісік, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары кіреді.
Тұз мөлшерін азайтудың әдістері:

-Тамақты қатты қуырмаңыз, сол кезде азық-түліктегі тұздың дәмі жақсы сақталады.

— Дастархандағы тұзды көкөніс пен дәмдеуіштер қоспасына ауыстырыңыз;

— Тамақты үйде дайындап ішуге тырысыңыз. Мамандардың айтуынша, мейрамхана тағамдарында тұз мөлшері көбірек болады.

— Өнімнің сапасына және құрамына мән беріңіз. Құрамы жазылған тізімнің басында тұрған ингредиенттердің мөлшері көп дегенді білдіреді. Сондықтан, тұздың соңғы жағында болуын және мөлшерін тексеріңіз.

Н.Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы

Previous Post

"Ақшамызды қайтарсын!". Шымкентте әділдік іздеген тұрғындар құқықтарын қорғай алмай отыр

Next Post

Шымкенттегі ең танымал 10 есім

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі