Сонда біздің құқығымызды қорғайтын адам жоқ па сонда?Барсақ болды білеміз кірпішті деп айтады. Сонда кімге барамыз? Жұрттың бәрі осылай алдана бере ма?
Қазақтанда Ішкі істер органы дейді. Ешкімнің шамасы келмейтін қандай адам екеніне бас жетпей қалды ғой. Заң ба? Тірегі мықты ма? Басым жетпейді шынымды айтсам.
Қаратау аудандық сотына бардым, Қаратау департаментіне бардым, прокуратурасы, общым Қаратаудың барлық мекемесіне барып шықтым ғой.Ешқандай нәтиже жоқ.
Мен негізі Қазақстанда әділдік жоқ ау деп ойлаймын. Алаяқтық топ па өзі.
Арзан кірпіш аламыз деп алданғандар, бұған дейін полиция мен аудандық сотқа арызданған. Құзырлы органдардан еш нәтиже болмағандықтан, жәбірленуші топ Шымкент қаласы прокуратурасына жиналды. Жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отырып, ақшаларын алдын-ала санап бергендер, 3 жылдан бері кірпіш те, ақша да жоқ дейді.
Қамбар Ибрайымов
Мына қалаға кіре берісте Пахтохорда біреудің үйін офис қылып алған.Сол жерге бардық. Екі түрлі кірпіш қойып қойған. 900 мың ақша қолына санап бердім. ,,,,,,, Қалдық қой сонымен.Не ақша жоқ? Не кірпіш жоқ?
2020 да содан бері барамыз келеміз. Содан бері жүрміз ғой әлі.Мені договоры да бәрі бар.Ақшамды бере алмаса, үстемақысымен берем деп жазғаны бар.Үстемақысы түгілі берген ақшамызды ала алмай отырмыз.
Өзім 2-топтағы мүгедекпін. Қайтпас-2 де пәтер жалдап тұрамын. Үй жоқ. Дулатқа сеніп. Оны Олх-тен тауып алдым да, 840 мың теңге офисіне алып барып бердім.Апрель айында бердім, июнь айынан бастап кірпіш алуым керек болатын. Сол кезде ала алмай қалдым. Дулатты таппай қалдым. 840 мың теңге. + Қартау аудандық соты бар ғой Тоқаев жақта. Соған бардым. Ол сот орындаушыға жіберді. Сот орындаушыдан еш нәтиже жоқ. Іздеп жатырмыз,іздеп жатырмыз дейді.
Заң әлсіз ғой. Сосын қылмыстық топ қой бұл жерде ұйымдасқан. Әйтпесе шара қолдану керек қой. Қарапайым адам қазір бірдеңе істесе де,біреуден ақша алса да іс қозғалады.Ал миллион,миллиардтаған ақша жүр бұл жерде. Іс қозғалмай жатқанына таңым бар да.
Шымкент қаласы прокуратура өкілдері арызданған тұрғындарды ғимараттың дәлізіне кіргізіп, сабырға шақырды. Ашуға булыққандар басшылықпен кездесуді талап етті.
Значить барлықтарыңыздың бір нәрселеріңіз бар. Мен шындықты айтайын.Дело жүрмей ма?Значить бұл жерде бір нәрсе бар. Неге жүрмейді бұл дело? Неге Астанаға жібермейсіздер?Шамаларыңыз келмесе?
Айхай-шудан соң, шағымданушылардың арасында 3 белсендіні басшылықпен кездесуге ішке кіргізді. Белгісіз себептермен журналистердің жиынды түсірілім жасауына рұқсат етілмеді. Жеке кәсіпкер Дулат Дәулетұлының сөзінше, 2020 жылы әріптесі Ербол Аңдаспаевпен бірге кірпіш зауытын ашып, 70-ке жуық адамнан тапсырыс алған.
Сайрамда Қызылсу деген елдімекенде сайда орналасқан.Жұмыс бастар уақытта майда су тасқыны болып,зауытымзды су шайып кеткен. ++ Біз поляға жинаймыз қыштарды.Миллион,миллион екі жүз ұыш жинап қойғанбыз.Соның бәрін орнын келтіру үшін арада уақыт екі-үш ай уақыт кетті.бізге клиенттер қашан бересіндер деп келіп отырды. +2020 жылы жаңа табиғи апаттың кесірінен біз көп сумма шығынға батып қалдық.Қаншама біздің техникамыз бұзылды,трансформатырымыз күйіп кетті.Оның бәрін қалпына келтіру ол әжептеуір ақша. Зауттың аты ИП Дулат деп аталады.Тек қана мен жүргізгем ол зауытты документальный да.Заказ қабылдаған да өзім.Бухгальтерия бәрін өзім жүргізгем.
Жәбірленушілер кәсіпкердің мың түрлі сылтауына әбден тойдық дейді. Бұл істің созбалаңға салынып келе жатқандығына 3 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында біраз адамның денсаулығы сыр беріп, тіпті жақында бір азамат қайтыс болды дейді арызданушылар.
Гүлшат Байназарова /марқұм Бейбарыс Сүлейменнің анасы/
Баламның тек қана айтқаны арыз жазыпты маған білесіз ба деді? Ерболдан Бейбарыс қорқытып ақша алған деген сияқты да. Оған менің қатысым жоқ қой дейді да. ДВД ның ештенке таппаған соң осы нені менің балам Бейбарысқа көтер деген ғой. Мен 9 күн реанимацияға кіре алмай жатқанда балам жан тапсырды ғой. Менің балам Ерболдың кесірінен құрбан болып кетті.
Жәбірленуші топ әділдік іздеп, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Кірпіш аламыз деп берген ақшаларын қайтаруды талап етеді.