13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі қолжетімді

12 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі қолжетімді
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы шымкенттіктерге дайын құжаттарды қажетті мекенжайға жеткізу қызметін пайдалана алатынын еске салады. Аталған қызмет іске қосылғаннан бері 700-ге жуық қызмет алушы өз құжаттарын ХҚО-ға бармай қолдарына алды.
Қазіргі таңда 150 мемлекеттік қызмет бойынша дайын құжаттарды алдырту қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар.
«Құжаттарды жеткізу қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі. Алдымен клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырады, құжат дайын болғаннан кейін, сілтеме көрсетілген SMS-хабарлама жолданады. Азамат сілтемеге өтіп, өтінімді толтырады, ЖСН және жеткізу мекенжайын енгізіп, жеткізу төлемін жасайды», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Осы тұста, жүргізуші куәлігін, жеке куәлік пен төлқұжаттарды жеткізу қызметі көрсетілмейтінін ескертеміз.

Previous Post

Қызылша әр түрлі асқынуларға алып келеді

Next Post

Шымкентте 13 мың адам жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыра алмады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі