13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызылша әр түрлі асқынуларға алып келеді

11 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Қызылша әр түрлі асқынуларға алып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылша – ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Қызылша – адамдар үшін аса контагиозды жұқпалардың бірі, өйткені инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады. Қызылша өте жұқпалы, ауа арқылы таралады. Инкубациялық кезең бірнеше аптаға созылады.
Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі. Балалардағы қызылша белгілері инкубациялық кезеңнен басталады (инфекциядан аурудың алғашқы көріністеріне дейін) 7-ден 17 күнге дейін созылады. Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады. Бірінші, катаральды, кезеңде (1-3 күн) қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінетінін білу маңызды: безгегі, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы.
Қызылшаны жұқтырудан, сондай-ақ олардың асқынуынан сақтандыратын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация екендігін еске салады. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста 2 рет жасалады, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді. Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша ауылдық емханалардың барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың белгілері пайда болған кезде мыналарды қатаң түрде ұсынады:
— өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерді үйге шақырып және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу;
— үйде болу, жұмыс орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға бармау (әсіресе, амбулаториялық емделіп жатқан науқастар үйде оқшаулауды қатаң сақтауы керек);
— науқас балаларды жазғы сауықтыру лагерьлеріне, ұйымдастырылған ұжымдарға және т.б. жібермеу.

Б. Елемесов Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ДАМУЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛЫП ОТЫР

Next Post

Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі қолжетімді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі