13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшінің барлығы бұл туралы білуі керек

1 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшінің барлығы бұл туралы білуі керек
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизоны механикаландырылған құрамасының жеке құрамымен жаңа оқу жылы алдында қауіпсіздік шаралары бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Жаңа оқу жылының алдында ұйымдастырылған дәрістердің негізгі мақсаты жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызметтің қауіпсіздігін қалыптастыру болып табылады.
Кешенді сабақтарға жеке құрамның 100% қатысты. Оқу орындары жауынгерлік техника паркінде, казармада, спорттық және қарауыл қалашығында және тактикалық алаңда ұйымдастырылды.
Сабақ барысында ерекше назар әскери техника мен қару-жарақпен жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарын толық көлемде жасалған макеттер мен манекендерде көрсетуге аударылды. Әскери дәрігерлер маусымдық аурулардың алдын алудың қарапайым ережелерін еске түсірді.
Сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Әскери қызметшілерді жанар-жағармайлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, қаруды дұрыс қолдану, дене шынықтыру дайындығы, шаруашылық жұмыстарды орындау және өртке қарсы қауіпсіздікпен таныстырды, сондай-ақ техниканы пайдалану ерекшеліктері мен қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери дәрігерлер әр қатысушыға алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі әдістерін көрсетті.
Өз сөзінде бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин бұл сабақтарды ішкі және қарауыл қызметін атқару, сондай-ақ бөлімшелер мен әскери бөлім объектілерінің аумағында ішкі тәртіпті ұйымдастыру кезінде туындауы мүмкін негізгі проблемалық тақырыптарды көрнекі түрде көрсететін тәжірибелі нұсқаушылар жүргізетіні кездейсоқ емес екенін атап өтті.
— Қауіпсіздік сабақтары жеке құрам үшін өте маңызды. Әскери қызметші бөлімде немесе отбасында жұмыс істеген кезде кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсету жұмыстары барысында жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарына жауап беретін қажетті жағдайлар жасалады, әскери қызметшілерді барлық қажетті материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді, — дейді әскери бөлімнің командирі полковник Әмірқожа Айтқожин.
ҚР Қарулы Күштерінде жоспар бойынша жаңа оқу жылының алдында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар өткізіледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоны
Previous Post

Бейінді оқытуға қатысқандар өз ісін ашты

Next Post

Жаңа жылда жаңа жеңістерге

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі