Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатында «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» атты аудандық мектеп кітапханашылары арасында семинар өткізілді. Кітапханашыларға арналған семинар кітапханашылардың жұмысын одан әрі жақсартып, дамытып, ақпараттық-байланыс технологияларды жетілдіру үшін арнайы ұйымдастырылды.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері Манат Жақсыбаева жүргізді.
Семинарға қатысқан 30 кітапханашыны кәсіби, төл мерекелерімен құттықтап, білім бөлімі басшысының мадақтау қағаздарымен марапаттады. Әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, интернетті — балаға кітап оқыту мақсатында қалай тиімді пайдалануға болады,- деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар туралы сабақтар өтті.
Қазіргі таңда балаларға кітап оқыту өзекті мәселеге айналды. Сондықтан, баланың кітапқа деген қызығушылығын оятудың түрлі жолдарын қарастырып, оны дұрыс қолдана білуіміз қажет. Бүгінгі өткізілген семинардың басты мақсаты да сол, кітапханашылардың біліктігін жетілдіру. Заманауи оқырман талабына сай сапалы қызмет көрсету және ақпараттық медианы дамыту болып табылады.Еске салсақ, Түркістан облысы, Келес ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар беріледі. Жобаға жеке кәсіпкерлер – Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда.
– Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап – терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін,– дейді мектеп басшысы.
Айта кету керек, мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған еді. Жастарды кітап оқуға баулуда осындай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады.