Келес ауданы, №2 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық тәжірбиелік семинар өтті.
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша өткізілген семинар ауданның Әжелер кеңесі мен Әкелер кеңесінің қатысуымен өткізілді.
Семинар барысында ата-аналарымен дөңгелек үстел, сайыстар, тәрбие сағаттары, коучинг сабақтар мен отбасылық сайыстар жоғары дәрежеде өткізілді.
Мақсат — мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Аталған семинар шеңберінде сабақтардың әдістемелік тәсілдері, мазмұны және ұлттық құндылықтар түсіндірілді.Ал Ордабасы ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» атты аудандық семинар өтті. Мақсаты: Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. Ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Семинар барысында «Мейірімділік — ізгіліктің жолы», «Адамгершілік — басты адами қасиет», «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Отбасы құндылығы — сарқылмас қазына» атты тақырыптарда танымдық сабақ өткізді.
Семинар соңы марапатқа ұласты. Ұстаздардың ойына ой қосып, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бағыттайтын, алдағы жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын тәжірибе алмасулар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын таба бермек.Бұдан өзге, Жетісай ауданы, №72 жалпы білім беру ордасында аудан бойынша мектептердің педагог-психологтарымен семинар өткізілді.
Мақсаты: конфликт ұғымының мәнін ашу және оның алдын алу, одан шыға білу жолдарымен таныстыру. Жасөспірімдердің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын-алу және болдырмау. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, өзіне сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Семинарды психологиялық қызмет бойынша әдіскер Қ.Ибадуллаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Мектеп басшысы Раймқұлова Нурсұлу семинарға қатысушы педагог-психологтарды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында білім мекемелерінде атқарылған психологиялық қызметке талдау жасады.
Сонымен қатар «Бестерек» жобасы аясында жүргізілген бірқатар жұмыстардың қорытындысы туралы айтып өтті. №72 ЖББМ-нің педагог-психологы А.Басанова «Ата-ана, балаңыздың жан дүниесіне назар аударыңыз!» тақырыбында сахналық көрініс қойылды. «Көңілді орта» сергіту сәтін жүргізді. «Кикілжіңсіз қарым-қатынас жасау өнері» тақырыбында қатысушылармен психологиялық тренинг, ойын-жаттығулар өтті.
Тренинг соңында рефлексия беріліп, қорытындылады.