Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық орталық кітапханасында «Мамандығым – мақтанышым» ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізілді. Байқауға Жетісай және Асықата өңірінің ауылдық кітапхана қызметкерлерінен құралған 2 топ қатысты. Байқаудың басты мақсаты кітапханашы мамандардың имиджін көтеру, кітапханашылардың шығармашылық қабілетін дамыту, кітапханашы мамандардың кәсіби білімінің толығуына жол ашу болып табылады. Байқаудың шарттары: І шарт: Іс-шараның дайындығы (Кітапханада өткізілетін іс-шаралардың жалпы дайындығы туралы айтып беру, 3 минут). ІІ шарт: КБЖ (Кітапханалық-библиографиялық жіктеу) бойынша сұрақтар (3 минут). ІІІ шарт: Экспресс-көрмеге библиографиялық шолу өткізу (5 минут). Байқауды бағалаған әділқазы мүшелері: Темишова Күлия Мұратқызы – кітапхана саласының ардагері, зейнеткер. Валиева Роза Анварқызы – кітапхана саласының ардагері, зейнеткер. Сағынтаева Жанар Қайратқызы – «Жетісай аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшы орынбасары. Байқау барысында Жетісай және Асықата өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ұшқыр ой» және «Ақылдылар» тобы өздерінің барлық кезеңдерде кәсіби біліктілігін, шығармашылық қабілетін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Асықата өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ақылдылар» тКітапхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізілді обы алға шығып, жүлделі І орынды иеленді, ІІ орынды Жетісай өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ұшқыр ой» тобы иеленді. Байқауға қатысқан топтар Дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Айта өтсек, облыста 390 кітапханада өткен жылы 3 858 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 230 382 оқырман қатысқан. Сондай-ақ, өңір кітапханалары 121 686 дана жаңа кітаптармен толыққан. Бұдан бөлек, «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 18 090 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілген. Есте болса, Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасының қорына 200 дана кітапты сыйға тартқан еді.
«Kitap Travel — 2023» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жер жұмағы Жетісайдан – рухани Түркістанға» атты іс-шараға Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева мен «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты Баян Адырбекова қатысып, сөз сөйлеген еді.
Ал, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова мен Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Асима Жүнісова аталмыш жобаның мақсаты мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ, белгілі журналист, сазгер, профессор Бекжігіт Сердәлі де өзінің жылы лебізін білдірген болатын.