Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қолдану аясын кеңейту мақсатында өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» шығармашылық байқауы өтті. Осы шығармашылық байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқаны үшін Кадырова Хуршида Османалиевна және «Аспап өнері» номинациясы бойынша Төлеби ауданындағы 8 колледж студенті Фахруддинова Диана 1-орын иегері атанды. Жетекшісі: Х.Кадырова.
2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласының оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті. Аталған байқау- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасының бір бөлігі.
Айта кетсек, Түркістандық студенттер рухани және экологиялық жобаларға да ат салысып келеді. Қазақстанның экологиялық қоры ұйытқы болған «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасына Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері де ерекше қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Бұл акция шеңберінде басқарма ұжымы тал егіп, өңірді жасыл-желекке айналдыруға өз үлестерін қосты.Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10-25 қазан күндері өткізілген іс-шаралар ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қабылданған іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Атап айтсақ,”Жасыл челлендж” экошарасын іске асыру аясында облыс ұстаздары мен оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуымен «Отаным – Жүрегімде» әлеуметтік желілердегі Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп оқу байқауы өтті.Бұдан бөлек, «Атамекен» тақырыбындағы патриоттық диктант жазу сайысы, оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе жазу байқауы, «Қыран елім – Қазақстан» атты оқырмандар конкурсы жарияланды. «Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұран барлық білім беру ұйымдарында жаппай орындалды. Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары», колледж студенттерінің қатысуымен «Туған елімнің мен патриотымын» облыстық шығармашылық байқаулары болып өтті. Және де «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы мен «Тарих беттері» тақырыбында фотокөрме, «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауы жүргізілді. «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында флешмоб, «TuranBalafest» үздік өнерпаздар телешоуы мен «Күлтегін» зияткерлік ойыны телебағдарламасының Республика күніне арналған арнайы мерекелік шығарылымы жоспарға сәйкес аталып өтті.