13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ДЕСАНТ САБАҚ ӨТТІ

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ДЕСАНТ САБАҚ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарына озық педагогикалық тәжірибені тарату және жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту семенарлары, әдіснамалық жұмыстарды ұйымдастыру шарасы бойынша Жетісай ауданы, Ә.Жангелдин атындағы №27 ЖББМ КММ тренері Г.Оразханованың ұйымдастыруымен серіктес мектептермен жоспарланған кезекті іс-шара өткізілді.
Жетекші мектеп І.Жансүгіров атындағы №30 ЖББМ КММ бастауыш сынып мұғалімі Қалауова Нұргүл 3″А» сыныбында математика пәнінен «Санның квадраты және кубы» тақырыбында десант сабағы өтті. Сабақ SMART түрінде жоспарланған, қолжетімді. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жақсы, оқушылар белсенді, мұғалімге тез бейімделе алды. Сабақта «АҒЫН» процесі жүрді.
Әр қоғамның білім беру саласының алдына қояр мақсаттары мен одан туындайтын міндеттері ешқашан да бір — біріне ұқсаған емес. Ұстаздар қауымы алдына мемлекетіміз жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндетін қойып отыр. Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр.

Бала саны басым Түркістан облысында мұғалімдердің санына ғана емес сапасынада мән беріліп келеді. Өңір ұстаздары жыл сайын біліктіліктерін арттырып, білімін жетілдіретін түрлі курс, жобаларға қатысуда.

Қазақстан республикасы Оқу ағарту министрлігі, ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұлағатты ұстаздары он күндік білім жетілдіру курсынан дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақ өтті. Түркістан облысы, Сайрам ауданының Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агро экономикалық колледжінің оқу базасына Сайрам,Түлкібас, Төлеби аудандарының дене шынықтыру ұстаздары өз білімдерін жетілдіру мақсатында дәріс алды. Жаңа теориялар, жаңаша сабақтар, озық оқушылармен, физикалық белсенділігі төмен оқушыларды бір сабақта үйлестіре отырып, бәрінің сабаққа белсене қатысуларына мүмкіндік жасап, сабақтың мақсатына қалай жету керектігі жайлы өз білімдерін озат ұстаздардан толықтырды. Білім инемен құдық қазғандай тек ерінбей бір орында еңбек етумен ғана емес, қашанда ізденістерді талап етеді емеспе. Ал ұстаздар іздеген керек білімді дәл осы он күндік оқу курсында тапты. Астанадан ұлттық ғылыми практикалық дене шынықтыру орталығынан арнайы жіберілген ұстаздардың қатарында Қасымханов Сандыбай, Елмұратов Бауыржан, Файзиев Нұржан және Адилбекова Салиха, Абдуллаев Бахадур, Хамитов Марат қатысушыларды дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігімен тәжірибесін жетілдіру тақырыбында тереңірек зерттеп, методикалық, теориялық, практика жүзіндедегі керемет сабақтармен сусындатты. Өз мамандықтарының нағыз хас шеберлері жиналған, керемет дарынды ұстаздардан дәріс алған жергілікті педаогогтар қатты қуанды. Әсіресе бүкіл ғұмырын спортпен ұстаздыққа арнаған Қасымханов Сандыбай ойын техникасының әр детальдарына тоқтап, мән бере түсіндіре білді. Бұл тек кәсіби ұстаздардың ғана қолынан келетін, толағай тәжірибемен ерен еңбектің арқасы екені анық.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағажанның «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген сөзін қайта тірілтіп, 2019 жылғы 30 желтоқсан күні «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойып, педагог мәртебесін заңмен бекіткен болатын. Жаңа заңда қарастырылған позиция­лардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүм­кіндік береді. Атап айтқанда, педа­гогтің оқыту мен тәрбиелеудің автор­лық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурс­тарды тегін пайдалану, біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту фор­маларын таңдау бойынша кәсіби құ­қықтары кеңейтілді.

Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеу­меттік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойы­латын кәсіби талап та арта түседі. «Мек­тептің жаны – мұғалім. Ол қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұға­лім білімді болса, балалар мектеп­тен терең білім алып шықпақшы. Солай бол­ған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабар­дар, жақсы оқыта білетін мұғалім», деген Ах­мет Байтұрсынұлының сөзі бүгінгі ұс­тазға қойылатын талапты дөп басып тұр.

Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орнында берілетін білім мен тәрбиенің қайнар көзі ұстаздың өресіне, білімділігіне байланысты.

Жаңа заң еліміздің тиісті деңгейдегі білім ордаларындағы мұғалімдерге де, білім алушыларға да тиімді болып, білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік беруде.

Previous Post

Түркістан облысы: Адами әлеуетті дамыту басқармасының осы аптада атқарған жұмыстарына дайджест-шолу

Next Post

СОЗАҚ АУДАНЫ: КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі