Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі. Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда өңірде педагогтар,тәрбиешілер технологияларды оқып үйрену, меңгеру кезеңінде арнайы курстарға барып кәсіптік біліктіліктерін арттыруда.
Осы орайда Ордабасы ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне таяуда “Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу сапасына жаңа бағыт,2023-2024 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру” тақырыбында аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері Ш.Абжалалова секция отырысын өткізді.
Секция отырысында жаңа оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру және тәрбиелеу процестерін ұйымдастыру тәртібі ,білім беру сапасының жаңа бағыттары айтылды.
“Аққу” бөбекжай балабақшасы әдіскері Р.Бектұрғанова “Қызметкерлердің біліктілігін көтеруде педагогикалық кеңестің рөлі” тақырыбында өз тәжірибесімен бөліссе,”Диамур” бөбекжай балабақшасының әдіскері Г.Атабекова “Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру” модульдерімен таныстырды.
Білім бөлімінің әдіскері Ш.Абжалалова Петропавл қаласында өткен Республикалық тамыз кеңесінде «Педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуы» тақырыбындағы жаңалықтарын айтып өтті.
“Аққу” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі А.Күнадилова Қызылорда қаласында өткен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт” атты тамыз кеңесінде көрген жаңалықтарымен бөлісті.
Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бүгінгі таңда өңірдегі барша педагогтар бала санасына ұлттық салт дәстүрді дәріптеуде. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор.Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.
Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық.