13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Оқушыларды достыққа жетелейтін ойын ұйымдастырылды

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Оқушыларды достыққа жетелейтін ойын ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан NIS-тің жас зияткерлеріне арналған «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны 7 сыныптар үшін зияткерлік білім ордасына және жаңа ортаға бейімделуде сәтті бастама болды. Бүгінде 7 L сыныбының оқушылары аталған ойынды ойнап, оқу процесі мен сыныптастарымен жақындасып, жаңа ортаға бейімделе түсті. Балаларға топта өзара әрекетке түсуге, ынтымақтастық жағдайында өмір сүруге мүмкіндік берілді. Ойын негізінде калейдоскопта байқауға болатын әдемі, әртүрлі және қайталанбайтын бейнелерді көруге болады. Ойын барысында қағаз бетінде адамдар арасындағы қарым-қатынастың метафорасы ретінде қағаз өрнектер пайда болады.

Ойын мақсаты — әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту, өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау, ұжымды біріктіру және эмоционалды ахуалды тудыру. Жалпы бұл тренинг ұстаздардың оқушыларға оқу процесінде қолданылатын арнайы ойын болып табылады.

Ойын барысы орындықтардан жасалған шеңбер ішінде бір тығыз топқа жиналудан басталып, берілген түрлі-түсті шыны тәріздес қағаз бөлшектерге өз арман мақсаттарын жазуда сынып калейдоскобын құрастырумен жалғасты.

Калейдоскоптың түрлі өрнектерін біріктіруде оқушылар өзара ортақ көп нарселері бар екенін, берілген тапсырманы орындауда жеке, жұптық, командалық жұмыстың маңызды екенін түсінді.

— Бұл ойынға қатысуда мен көпшілік ортада қысылмай өз ойымды ашық білдіруді үйрендім. Сонымен қатар, сыныптастарымды жақыннан танып білуде өзара ортақ қызығушылықтарымыз бар екенін біліп, қатты қуандым. Ойын барысында тек көңіл көтеріп қана қоймай топ-топқа бөлініп, бір-бірімізді қолдап, тыңдауды үйрендік,- дейді оқушылар.

Оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуде оң әсерін берген «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны жаңа ортаға бейімдеумен қатар жас зияткерлерді достыққа жетеледі.

Previous Post

Педагогтар тәжірибе алмасты

Next Post

Мектепке дейінгі тәрбие - жалпы ұрпақтың тәрбиесі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі