Бүгін басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы білім мекемелерінде қызмет ететін барша есепшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — ұлттық теңгеміздің төл мерекесіне тұспа-тұс келген атаулы күн. Қаржыгерлер күніне орай ел экономикасының дамыуына ықпалдастық ете отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне елеулі үлес қосқаны үшін басқарма басшысы бірқатар есеп-қисапқа жауапты мамандарды марапаттады . Оларға “Құрмет” грамотасымен , алғыс хаттар табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету керек» деген болатын.Мемлекеттердің пайда болуымен қазынаны басқаратын адамдар – алғашқы қаржыгерлер пайда болды. «Қаржы» термині тамплиарлар тұсында, XIII-XV ғасырларда Италияның сауда қалаларында қолданыла бастады. Бүгінде инновациялық бизнесті дамытуда және оны цифрландыруда қаржыгер мамандығының танымалдылығы артты. Олар компанияларға өзгерістер дәуірінде де нық тұруға көмектеседі.
Қазір компанияда бірде-бір маңызды шешім қаржыгердің қатысуынсыз қабылданбайды. Өйткені ол компанияға сандарға негізделген ақылды және саналы шешімдер қабылдауға көмектесетін толыққанды серіктес.
Қаржыгерлер түрлі салаларда жұмыс істей алады: банк ісі мен аудиттен – FMCG-ге және IT-ға дейін. Айта кету керек, бұл мамандық әрқашан сұранысқа ие болады, себебі ол әлемде болып жатқан әртүрлі жағдайға байланысты өзгереді. Қаржы мамандары компанияларға тәуекелді есептеуге, шығындарды азайтуға немесе өнімнің ROI-ін арттыруға көмектеседі, ROI = (Кіріс/Шығындар/Шығындар) x 100%. Ең бастысы, олар қаржылық шығындарды азайта алады немесе тіпті алдын алады.
Сонымен қатар мамандық FMCG, IT, ғылым, консалтинг, фармацевтика, телекоммуникация, ретейл, өнеркәсіп – кез келген жерде жұмыс істей аласыз. Өйткені қаржы – кез келген бизнесті жетілдірудің ажырамас бөлігі.