13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шәкірттер ауыз әдебиетімен сусындады

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шәкірттер ауыз әдебиетімен сусындады
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп- лицейінде «Мәңгілік ел- мәртебесі тіл!» атты онкүндік жоспары бойынша, «Қисса сүл-әнбия» кітабын тәрбие үдерісіне ендіруде перспективалар, күтілетін нәтиже тақырыбындағы іс-шара өтті. Тағылымы мол шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Бахытжанова ұйымдастырып, орта буын оқушыларға құнды ақпараттар таратты. Іс-шараның негізгі мақсаты: қай халықта болмасын рухани мұрасының алтын діңгегі — ауыз әдебиеті екенін білу. Сондай-ақ ауыз әдебиетіндегі діни қиссаларды, діни дастандарды, батырлық жырларын, бесік жырларын жүректен жүрекке жеткізіп, халықтың рухани мәдениетінде қолдануға мүмкіндік беру.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
Тақырыпқа сай жиында оқушылар діни қиссалар — пайғамбарлар мен сахабалар, әулие — әмбиелер мен періштелердің өмірі туралы, олардың дін жолындағы іс — әрекетін бейнелейтін шығармаларды экран арқылы көрсетіп, түсініктерін арттырды. Рабғузидің қиссаларынан тұңғыш рет кандидаттық дисертация қорғаған ғалым — Алма Қыраубаеваның еңбектерінен де тың деректер айтылды.Қисса үйрететін мектеп ашып, Сара Алпысқызынан қолдау тапқан. Бұл қолжазбалардың көбі Британияда сақталған. Рабғузи қаламынан шыққан 72 пайғамбар өмірінің тарихы жайында айтылған. Ал, Құранда 24 мың пайғамбар, 33 сақаба бар. Бұл еңбектің құндылығы 1974 жылы дәлелденіп, қазақ ғылымына айналымға енгізілгені туралы ақпараттар берілді. Шара соңында оқушылар түрлі сауалдар қойып, ойларын ортаға салды.

Previous Post

Балалар ұлт ұстазы Ахметті дәріптеді

Next Post

Түркістан облысында білім саласы дамуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі