13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектепте пікірсайыс клубы жұмыс істейді

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектепте пікірсайыс клубы жұмыс істейді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында «Қаладағы өмір ауылдағы өмірден жақсырақ па?» атты тақырыпта мектепішілік дебат турнирі өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Тастанбекованың айтуынша, мектепішілік «Айбын» пікірсайыс клубының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Оған әрбір сынытан бір-бір топтан қатысқан.
— Пікірсайыстың мақсаты жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру, олардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туып өскен өлкенің, ауылдың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, — дейді пән мұғалімі.

Пікірсайыс алаңда әр топ өздерінің пікірлерін қорғап, тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісті.

Турнирдің жеңімпаздары «Үздік спикер», «Үздік лидер», «Үздік пікірсайысшы топ» аталымдары бойынша алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында 5-9-сыныптың ата-аналары мен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының шебер ұстаздарының ұйымдастыруымен «Балаңа ақыл айтпа, жол көрсет» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Аталған мектеп-гимназия директоры Жанат Нұрқұлдың айтуынша, жиналыстың мақсаты — ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту және балаға ақыл айтудан бұрын жол көрсету арқылы тәрбиелеуге дағдыландыру.

Мектебіміздің шебер ұстазы К.Төлепберген жиын барысында «Қажеттіліктер аралына» саяхат жасады. Ата-аналарға отбасы құндылығы, мектептегі құндылық, ұлттық құндылық туралы сұрақтар қойылып, талқыланды. Сондай-ақ жиналыс барысында А.Қалшабекова ата-аналармен «Тәжірибе аралына» саяхат жасау арқылы ата-аналармен тәжірибе жасау арқылы бала тәрбиесі туралы ой тұжырым жасады. Жиналыс соңында «Ұшып келген хат» әдісі арқылы Г.Тастанбекова ата-аналарға ситуациялық сұрақтар қоя отырып, жиналыс қорытындыланды

Бұдан бөлек, мектеп-гимназияның 1«а»-сынып жетекшісі Шарипа Байжаркинова «Әкелер мектебі»ә жобасы аясында тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс бойынша «Әкешім ақылшым» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Previous Post

Қазығұртта мектеп директоры орынбасарлары электронды журналдың жүргізілуі туралы ой бөлісті

Next Post

Келес ауданындағы Ақтөбе округінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі мектеп салынуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі