13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұртта мектеп директоры орынбасарлары электронды журналдың жүргізілуі туралы ой бөлісті

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазығұртта мектеп директоры орынбасарлары электронды журналдың жүргізілуі туралы ой бөлісті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей базасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық оқыту әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.
Онда мекеме басшыларының орынбасарларына BilimClass.kz электронды журналының жүргізілу барысы сөз болды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерованың айтуынша, семинардың мақсаты – BilimClass.kz электронды журналды толық меңгерту, кәсіби шеберлігін шыңдап отыру және әдістемелік көмек көрсету.

— Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талап жоғары. Олардың баламен жұмыс істеуі, педогогтық біліктілігін арттырып отырумен қатар заман көшіне ілесіп отыруы маңызды. Қазіргі таңда цифрландыру жүйесі мектептерге де еніп, барлық жұмыстар электрондық нұсқаға көшірілуде. Оның ішінде электронды журнал, электронды күнделік, басқа да құжаттар бар. Оны игеру, алып жүру бойынша мұғалімдер мен мектеп басшылығын үнемі жинап, оқытып, біліктіліктерін арттырып, пысықтап отырамыз, — дейді ол.

Аталған семинардың ұйымдастыру кезеңін білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерова семинарға келгендерге ізгі тілегін білдіріп, семинарды ашып берді. Екінші кезеңде Б.Құдайназаров атындағы негізгі орта білім беретін мектебінің оқу орынбасары Д.Мауленов Bilimсlass.kz платформасында электронды журналды жүргізу бойынша өз баяндамасын жасап, жан жақты түсіндірді.

Семинар соңында білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Анарбаева қатысушылардың қойған көптеген сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Рефлексия бөлімінде кері байланыс беріліп, қатысушылар өздерінің әдістемелік қоржындарын қажетті дүниемен толықтырғанын айтып, алғыс білдірді.

Previous Post

Қазығұрт ауданында мектеп ауласына сәндік ағаштардың көшеті отырғызылды

Next Post

Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектепте пікірсайыс клубы жұмыс істейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі