13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАСТАУЫШТА ОҚИТЫН 187 832 БАЛА БІР РЕТТІК ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
БАСТАУЫШТА ОҚИТЫН 187 832 БАЛА БІР РЕТТІК ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары түгел бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Яғни, 187 832 бала бұл мүмкіндікке ие болды. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.
Ағымдағы жылы асханасы жоқ 110 мектепте оқушыны тамақтандыру мәселесі жақын орналасқан асханасы бар мектептер арқылы шешіледі. Сонымен қатар, ол мектептерге модульдік асхана орнату қарастырылуда.
Қазіргі таңда, облыста 20 мектеп-интернаттағы тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешілік әріптесік шеңберінде оң жолға қойып, асханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды.
Тамақ сапасы артып, оқушылар мен ата-аналар тарапы разылығын білдіруде. Осы 20 интернаттың ата-аналары өз баласының күнделікті тамақтануын онлайн режимде қашықтан қадағалауға мүмкіндік алды.Бұл үлкен жетістік!
Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған облыстық бюджеттен 6 млрд. 197 млн. теңге қаржы қаралған. Облыста жалпы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 1 қыркүйекте 5 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімінде аяқтамаған мердігер компанияларға заңнама талаптарына сәйкес шара көріледі. Соның бірі Сарыағаш ауданындағы, №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Шаңырақ-21» ЖШС-іне 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынды. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.

Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы және оқу құралдарын алуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 316 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы санаттағы 32 455 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам оқушы қамтылады.

Отырыста Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Ғалымжан Алматов жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысын баяндады. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы интернет, күрделі және ағымдағы жөндеу, қауіпсіздік, жылы санитарлық тораптар (әжетханалар), спорт залдары, асханалар, пәндік кабинеттер, робототехника кабинеттері сияқты мәселелер қамтылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП САЛУДАН ӨҢІРДЕ АЛҒАШҚЫ ОРЫНДА ТҰР

Next Post

Түркістан облысы: МЕКТЕПТЕРГЕ 7 МЫҢНАН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі