Ынтымақ жалпы білім беретін мектеп базасында Жетісай Ауданы Білім Бөлімінің жоспарына сәйкес «Білім ұйымдарында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары.» тақырыбында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар мәселелері :
1.»Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, мектептердегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, талдау және инновациялық әдіс — тәсілдер қолдану.
2.Жаңа форматтағы қорытынды ата-аналар жиналысы.
Жетісай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Айгул Тасқызы сөз алып, құндылықтарды дәріптеу бойынща және іс — шаралар сапалылығы жайлы талдау жасады.
Жанартылған форматтағы ата-аналар жиналысы нәтижелі болғаныда келуші ата-аналармен әңгіме, пікір алмасу барысында айқын болды.
Жаңартылған форматтағы жиналыс мақсаты :
-Ата-ана мен педагогтер уақытын үнемдеу.
-PTP(Ата-ана — мұғалім — оқушы) ынтымақтастығын нығайту.
-Пән мұғалімдерінің жеке оқушыға талдау жүргізуін жүйелеу.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі — үлкен жауапкершілікті, қатал бақылауды, жүйелі қадағалауды және мейірімді жүректі талап ететін дүние. Сондықтан оқу мен тәрбие саласы бір ырғақты толқында уйлесуі қажет.
Халқымыздың дәстүрлі этно мәдениеті мен әдебиетіне, тіліне сусындап, өскен ұрпақ елдің ертеңі үшін қызмет ететін, ұлтжанды азамат болары сөзсіз!Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Елімізде тәрбие беру ісінің тиімділігі тікелей ұстаздарға да байланысты. Әйгілі психолог Дж. Маккензи мұғалімнің іс-әрекетінің маңыздылығы туралы білім беру жүйесінің сапасы онда қызмет ететін мұғалімдердің сапасынан жоғары болуы тиіс деген болатын. Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан-жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру. Қазіргі күні заманауи педагогика бала тәрбиесінде тұлғаға бағдарланған тәсілге сүйенеді. Болашақ – бұл біздің балаларымыз, білім болмаған жерде келешек те болмайды. Қоғамның педагогикалық қолдауға сұранысы артып отыр. Айталық, психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қолдау психологиялық процесс ретінде түсіндіріледі. Ересек адам қолдау процесінде баланың өзін дұрыс бағалау мақсатында оның артықшылықтарына назар аударады, баланы қателікке ұрынудан сақтандырады, сәтсіздіктерден қорғайды деп түсіндіріледі. Онсыз адам дамуы мүмкін емес. Жоғарыда атап көрсеткендей, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу барысында оған әсер етуші басты фактор – ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Міне, осы тұста біздің ата-бабамыздан қалған адамгершілік заңдылықтарын жаңа заман талабына сай жаңғыртып, білім беру саласында ұтымды пайдалана білу – жетістіктің кілті болмақ. Жас ұрпақ тәрбиесінде басты рөл ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттер артып отыр: ол – тұлғаның қалыптасуына, оның нәтижелі түрде әлеуметтенуіне қатынасатын тәлімгер, ол бүгінгі күн талаптарына жауап береді және болуы мүмкін тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді алдын ала көре біледі.