Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты мектеп мұғалімі Жұрынбаев Оралбайдың еңбегі ерекше. Ол робототехникадан стандартты роботтардан бөлек спорттық роботтар құрастыруға көп көңіл бөледі, себебі аудандық облыстық және Республикалық жарыстардың басым көпшілігі спорттық жарыс роботтары арасында болады. Атап айтқанда «Робофудбол», «Ақсүйек», «Сумо», «Эстафета», «Сызық бойымен жүру», «Асық ату» т.б. көптеген санаттар бойынша өнер көрсететін роботтарды дайындаймыз және барынша нәтижеге жетуге тырысамыз.
Мысалы, мына суретте «Арқан тартыс» санатына негізделген спортшы роботтар құрастырылған. Бұл роботтың негізгі миссиясы қарсылас команданың роботтарын барынша өзіне қарап тартып, мәре сезеғынан өткізу керек. Роботтардың мінездемесіне келсек, екеуі де бірдей құрастырылған, екі робот 1 команда болып есептеледі , яғни екі робот қосылып бір команда. Роботтар толығымен Lego EV3 кострукторынан құрастырылған. 1 роботта 4 үлкен мотор, 1 модул, 6 орташа дөңгелек қойылған. Ережеге сәйкес роботтардың салмағы мен өлшемі қатаң түрде қарастырылған. Ұзындығы мен ені 250 мм-дан аспау керек сәйкесінеше салмағыда 1кг құрайды.
Еске салсақ, Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушылары Ұлмекен Шалдыбаева мен Нұрсила Аманбай қоқыс жинайтын робот құрастырып шықты. Олар «Қоқыс жинайтын робот» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазу барысында бұл саланың өзекті мәселелерін терең зерттеген екен.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздардың бұл тақырыптағы ғылыми ізденісі «Оқушылардың аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар» конкурсында жоғары бағаланған.Ал Кентау қаласындағы №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгері Ақниет Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір құрастырды.
«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді Ақниет Елемесова.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан робототехникаға қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келді және ойын жүзеге асырды.
«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке таныстырды. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден де озат оқушы.