Бүгін тікелей эфирде білім беру ұйымдарының басшылары лауазымының бос орындарына жариялаған конкурс өтті.”Әңгімелесу” кезеңінде 25 білім мекемесіне 35 үміткер қатысып, бақ сынады. Комиссияның хаттамалық шешімімен 16 білім ордасына директор анықталды. Қалған 9 мекеменің басшылық лауазымына комиссияның оң қорытынды алмауына байланысты анықталмады. Білім басқармасының тағайындау комиссиясының құрамы 40%-ға жаңарғанын хабарлаймыз.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, тиехникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкусртық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім бері ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21-ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Бұдан әрі-Бұйрық) сәйкес конкурстық негізде жүргізілді. Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жасалынды. Және үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынды.
Бұйрықтың ережесіне сәйкес комиссия құрылды. Сонымен қатар, жарияланымда әңгімелесу кезеңіне-байқаушылардың қатысуға болатындығы ескертілді.
Айта кетерлігі, бұйрықтың талабына сәйкес үміткерлер «Әңгімелесу» кезеңіне дейін конкурс кезеңдерінен өткен (Құжат тіркелу кезеңі, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңі).Тағайындау конкурсының комиссия мүшелері де жаңадан толықты. Қазіргі таңда, “Әңгімелесу” кезеңінде 15 комиссия мүшесі бар. Бүгінгі конкурста жаңадан білім саласының ардагері Баян Жолдасова, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, “Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы” Түркістан облыстық филиалының төрайымы Инара Намазбаева, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры, белгілі айтыскер Бекарыс Шойбековпен толықты.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңінде бақылаушылар да қатысты.
Жалпы өңірдің білім беру жүйесінде осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамалар жүзеге асуда. Алдағы уақытта да бұл процестерді жетілдіре түсу көзделіп отыр. Бұл орайда, жариялылық, ашықтық, адалдық — білім беру жұмысындағы негізгі қағидаттар. Қазіргі таңда өңірде әлі де бос тұрған орындар бар. Келесі бос тұрған орындарға конкурс жариялау, тиісті процестерді өткізу жұмыстары жүргізілуде.