13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаменті қысқы маусымда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

25 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Төтенше жағдайлар департаменті қысқы маусымда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Қалың қар мен дауылды желмен қатар келетін ауаның күрт төмендеуі нәтижесінде автокөлік жолдарында, теміржол магистралында қар құрсаулары жиі туындайды. Осыған байланысты облыс тұрғындары қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қарлы боранда қаза болудан кепілді қорғаныстың бірнеше қарапайым ережелерін сақтау керектігіне атап өтті .

«Облыс тұрғындары мен қонақтарына ескертетініміз, егер жолда көлігіңіз сөніп қалса жағдайды бағдарлап, орналасқан жеріңіз бен елді мекенге дейінгі қашықтықты ескерген жөн. «112» нөміріне қоңырау шалып, қай жерде тұрғаныңызды хабарлау керек. Жаяу кетуге шешім қабылдасаңыз, асфальтты жолмен жүру қажет. Айта кетерлігі, қысқы мезгілде жолға шығар болсаңыз, ауа райының болжамына назар аударған дұрыс. Ең бастысы, автокөлігіңіздің доңғалағы қысқы маусымға дайын болуын және жанар-жағар майдың жеткілікті болуын ескеріп, жылы киім ала шығуды естен шығармаған абзал»,-деді Ерік Темірханұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан өңірлік «Қазгидромет» мекемесінің директоры Махамбет Жазықбаевтың сөзінше, биылғы қысқы кезеңде айтарлықтай аяз бен қарлы боран күтілмейді. 25 қарашада оңтүстік таулы аудандарда, ал 27 қарашада күндіз облыстың кей жерлерінде, 28 қараша күні түнде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, таулы аймақтарда қалың қар түсуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Бәсекеге қабілетті жастар – ұлт болашағы

Next Post

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд.  теңгеге жеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі