Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында, ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт бағдар беру және отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау орталығы» ашылуда.
Жалпы аудан бойынша 60 мектеп директорлары, 70 тәрбие ісі бойынша директор орынбасарларына арналған жиын өтті.
Сонымен қатар, «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау орталығы» бойынша алғашқы сабақтар басталды. Атап айтсақ: 1-4 сынып жетекшілері «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам», 7-9 сынып жетекшілері «Баланың бас ұстазы – ата-ана», 10-11 сынып жетекшілері «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…». Ендігі кезекте ата-аналармен кері байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынас жасау.
Мұндай кабинетті ашудағы басты мақсат – қазақстандық балалардың әл-ауқатын позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту арқылы қамтамасыз ету.Бұйрыққа сәйкес мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, қббп, сынып жетекшілері ұсынылған тақырыптар аясында оқыту, кеңес беру, тренингтер өткізеді. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас орнатуға көмек беру, сол бағытта кеңестер мен дәрістер жүргізу.
Сонымен қатар, олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту.
Жалпы аудан бойынша 60 мектеп директорлары, 70 тәрбие ісі бойынша директор орынбасарларына осы тақырып аясында тағы да таныстыру, бағыт бағдар беру жиыны өткізілді.
Мемлекет басшысы К. Токаевтың Түркістанда өткен құрылтайында жасөспірім мен ата аналарға қатысты тәрбие бойынша айтылған сөздері баяндалды.
Кабинеттің міндеттері:
— ата-аналарға ұлттық құндылықтар негізінде жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;
— Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;
— позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік әріптестердің күш-жігерін біріктіру.