13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ АУДАНЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық — кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік-кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық — дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына байланысты орталықтар құрылған.
Тәрбиеші М.Туребекова робототехника «LEGO» құрастырғыштар тақырыбындағы іс-әрекеті балаларға ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектессе, М.Мирашева «Білім патшалығына саяхат» тақырыбында балаларды дәстүрден тыс іс-әрекетермен қамти отырып, тәрбиеші К.Абенова «Өлкемізге күз келді» тақырыбында бес дағды төңірегінде балалардың шығармашылығын және ерекше ойлау қабілеттерін дамытты.
Семинар барысында бөлім әдіскер С.Ибрагимова педагогтермен жоспарланған бағдарламадағы іс-әрекеттер, концерттік бағдарламаларға қорытынды жасап, балабақшадағы тасымалдың ұйымдастырылуы, топтардағы жылудың қалыпты жағдайда болуы, білім беру обьектілерінің қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтуін талқылап, әдістемелік көмек берді.
Бүгінде өскелең ұрпақ­тың бойына тарихи білімді қалыптастыру және дамыту, мәдениетімізге деген құр­мет пен терең патриоттық сезім­дерді қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Сондықтан Президент орталығы өзінің білім беру бағдарламасына «Ата­мекен» арнайы жобасын ен­гізді. Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қаты­суын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізген еді. Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қа­зақ­­стандық тауар өндірушілерден са­тып алынады. Сондай-ақ сыртқы қас­­­беттерді әрлеуде қолданылатын ма­­­­­­териалдардың басым бөлігі отан­дық өндірістің тауарлары болмақ. Кәсіп­­керлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткі­­зуді жос­­парл­­­ауға және тиімді шарт­­­тар­­­­­мен жобаны қаржыландыруға мүм­­­кіндік беретін алдын ала келісім­шарт­тарды қолдану қарастырылған

Previous Post

ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ ӨЗ МЕТОДИКАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі