13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ ӨЗ МЕТОДИКАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ ӨЗ МЕТОДИКАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ауданның ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, сындарлы көзқарас қалыптастыру, білім алушылардың пәнге, тіл меңгеруге қызығушылығын арттыруды көздейтін, оқытудың заманауи технологияларын қолдануды үйрету мақсатында «Мұғалім ролінің маңыздылығы. Білім беруде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану» тақырыбында өткен аталмыш семинарға әйгілі Оксфорд университетінің лекторы Эстра Эзиджи қатысты.
Семинарға қатысушылар лектордың жаңашылдығымен ерекшеленетін методикасымен танысты. Лектор сабақ жоспарын құру, жаңа технологияларды қолдану, осы технологиялардың тиімділігі, білім беруде нені ескеру керектігі, жетістіктерге қалай жетуге болатыны туралы ой-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім жұмысын жеңілдету бағытында жасанды интеллектіні, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді қолданудың бірнеше жолын ұсынды. Түрлі қосымшалардың пайдасы жайында сөз қозғады.
Ал білім бөлімінің әдіскері Салтанат Бакирова педагогтарды білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге қатысты соңғы жаңалықтардан хабардар етіп, мұғалімдермен қызықты сұхбат құрды.
Сонымен қоса, бірқатар әдіс-тәсіл іс жүзінде кері байланыс орнатылып, ұстаздар өзара пікір таластырды. Оларға семинар соңында сертификат табыс етілді. Қатысушылар семинардан алған әсерлерін бір-бірімен бөлісті.
Еске салсақ, осыған дейін Токиодағы оқу семинарының жұмыс жоспарына сәйкес бірінші күні делегаттар қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты. Уаседа университетінің профессоры Юмико Оно жұмыс тобын жапон мектептеріндегі оқыту әдістемесімен таныстырды. Халықаралық семинардың екінші күнінің бағдарламасы бойынша Иокоһамада орналасқан мектеп базасында жұмыс жүрді. Делегаттар Lesson study әдістемесі бойынша 3 және 6-сыныптардағы кіріктірілген оқытудағы зерттеу сабақтарына еніп, сонымен қатар жапон мұғалімдерінің зерттеу топтарының жұмысына және сабақтарына қатысты.
Өңір делегациясы жапон білім мазмұны мен білім беру әдістемесін ғана емес, әкімшілік басқару, педагогикалық ұжымдық мәдениет, педагогтың кәсіби даму құлшынысы мен траекториясы, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру, тіпті шаруашылық сұрақтарына да жауап алды.
Семинар жұмыстары осы апта соңына дейін жалғасатын болады. Т.Шишибо профессордың лекциясы мен мектептердегі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетерлігі, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы мен Жапонияның Білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының арасында білім беру байланысы орнатылып, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісілді.

 

Previous Post

КЕНТАУДА ФРАНЦУЗ ТІЛІН ОҚЫТАТЫН МЕКТЕП БАР

Next Post

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі