13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛТЫ ТІЛДІ БІЛЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ОҚЫТЫП ЖҮР

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛТЫ ТІЛДІ БІЛЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ОҚЫТЫП ЖҮР
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Бахадырова еуропалық білімнің инновацияланған түрін ауыл балаларына үйретіп жүр. Ол Испанияның Кадис қаласындағы “Erasmus Mundus” университетінде білім алған. Соңғы 4 жылдан бері Абай ауылындағы №2-ші мектеп гимназиясында ағылшын тілі пәнінен сабақ береді.
— Балаға бағыт беріп, қызықтыра білсең, ол сені таңғалдырудан жалықпайды. Мен сабақ бергенде оқушыларға ең бірінші сыни тұрғыдан ойлану, өзін-өзі оқыта алу, баланың қалыптасу тұрғысындағы дағдыларын ескере отырып, білім беру дағдысына жүгінемін, -дейді Гаухар.
Қазіргі таңда ұстаз ауыл мектебінен ағылшын тілін терең оқытатын үйірме ашып, оқушыларға шет тілін жетік меңгеруге септігін тигізіп жүр. Нәтижесінде 1 жылдың ішінде мектеп бітірген шәкірттерінің 80%-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Білікті ұстазды әріптестері де мақтан тұтатындығын айтты.
Мұғалім ол – ұлы мамандық иесі. Ұлағатты ұстаздардың еңбегі мәңгі есте сақталады. Себебі ол бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оның екінші ата-анасына айналады. Ұстаз баланы тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатады. Дегенмен бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Біз де өзгереміз. Мұндай өзгеріске балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де дайын болуы керек. Жас ұрпақпен жұмыс істей отырып, мұғалімдер оқушылармен байланыс орнатуға және олардың тікелей жұмыс міндеттерін мүмкіндігінше тиімді орындауға көмектесетін белгілі бір жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы тиіс. Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Заман кез келген адамнан әмбебеп болуды талап етеді. Оның ішінде мұғалімдер де заман ағымымен бірге өзгеруі керек. Мұғалім заман ағымына ілесуі керек: өз жұмысында инновацияларды, әр түрлі әдістерді қолданып, материалды еркін меңгеруі керек. Негативті мектепке кірерде табалдырықта қалдырып, балаларға мейірімділік пен жылулық сыйлауы тиіс. Болашақ осы мұғалімдерге тікелей байланысты. Қазіргі мұғалім қандай? Ол – шығармашылық қабілеттерді дамытуға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, өз бетінше ойлауға үйрететін, материалды оқыту барысында өз бетінше сұрақтар құрастыра алатын, өз білімін толығырақ іске асыра алатын адам. Сонымен қатар пәндерді оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жеке бейімділігі мен талантын көтермелейтін тұлға. Қазіргі мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді, олар «Мектеп оқушыларына не үйрету керек?» деген өзекті проблемалық сұраққа жауап іздеуде. Қазіргі заманауи мұғалім кәсібіне және оқушыларға деген сүйіспеншілікті біріктіреді, олар балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, сонымен бірге өз оқушыларынан да үйрене алатынын маман иелері.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі