13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының тұрғыны, 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемдік университеттер назарын аударып отыр. Тіпті, арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған. Олардың қатарында Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары бар.

Ал, арыстық түлектің таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі, ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Сондай-ақ, ең жақсы зерттеу университеттері де АҚШ-та орналасқан.

«Бостон университетінде Гүлназ Жолшы есімді жерлесім оқып жүр. Сол әпкемнен көптеген мәліметтер алып отырамын. Ол да маған қажетті сабақтарды, кітаптарды жіберіп, жол көрсетіп тұрады. Мейрамкүл Исмайлова, Дина Тәжібаева есімді ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаздарым білім беріп, ағылшынша еркін сөйлеуді үйретуде» — дейді ол.

Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған резюмесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше сипаттап, жазба қалдырыпты. Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Баршасы жас түлекті оқуға шақырған. Ал, 7 жоғары оқу орны әлі жауап бермепті.

«Тамыз айының соңында IELTS тапсырып 6,5 балл жинадым. Содан «common app» бағдарламасы арқылы әлемдік жоғары оқу орындарына хат жаздым. Арада 3-4 ай өткенде оқуға шақыртулар келе бастады. Қатты қуандым. Әке-шешем де, ұстаздарым да қатты қуанды. Шет елде білім алуға ата-анам қарсы емес. Дегенмен, әлі нақты келісімін бермеді. Енді қаңтар айында гранттың толық нәтижесі шығады. Сол кезде қай университтетте оқитыным белгілі болады» — дейді ол.

Шапағат биыл мектеп бітіреді. Жергілікті жердегі Владимир Комаров атындағы №8 мектептің 11 сыныбында оқитын ол бала күнінен ағылшын тілі пәнін жақсы оқыған. Тіпті 9 сыныпта жүргенде-ақ IELTS сынағын тапсырамын деген арманы болыпты. Содан тілдік қорын молайтып, қосымша білім алған. Ізденген. Интернет арқылы білімін жетілдірген.

«Замандастарыма әрдайым көмектескім келеді. Шетелде оқығысы келетін түлектер қазірден бастан халықаралық олимпиадаларға қатысып, IELTS-тан бөлек SAT сынағына дайындалуы қажет» — дейді Шапағат.

Жас түлектің таңдап отырған мамандығы халықаралық қатынастар саласымен тікелей байланысты. Арыстық қыз шетелде жүріп, дипломатиялық іскерлік саласында қызмет еткісі келеді.

«Көпшілік шетелде тек «үздіктер» білім алады деп ойлайды. Мен «Алтын» белгіге де, «Үздік» аттестатқа да үміткер емеспін. Дегенмен ағылшын тілі пәнін жақсы көремін. Барлық арманым шетелде елшілік қызметтер атқару» — дейді ол.
Жас түлектің таңдап отырған мамандығы халықаралық қатынастар саласымен тікелей байланысты. Ол шетелде жүріп, дипломатиялық іскерлік саласында қызмет еткісі келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖАПОНИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛТЫ ТІЛДІ БІЛЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ОҚЫТЫП ЖҮР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі