Созақ ауданы, «Қарағұр» жалпы білім беретін мектепте білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бастауыш сынып пән бірлестігінде «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинарды мектеп директоры Т.Малбағаров ашып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі.
Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Асанова мұғалімдерді мектепішілік семинардың іс-шара жоспарымен таныстырды.
Тақырып аясында тренингтер, мұғалімдердің әдістемелік көрмесі, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучингтер өткізілді.
Бағдарламаның практикалық кезеңінде мұғалімдер тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына еніп, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бастауыш сынып мұғалімі З.Жылқыбаева «Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізіп, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында өткізілген іс-шараларға мектеп мұғалімдері мен білім алушылар белсенді қатысып, мұғалімдер керемет әдістермен қоржындарын толықтыра түсті.
Қорытынды нәтижиесінді мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Х.Мүшекенова практиканы теориямен ұштастырып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Бүгінгі күннің талабы оқыту мен оқудың сапасын арттыруда коллаборативті оқытудың маңыздылығы ерекше. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушы да, оқытушы да жақсы нәтижеге жететіні сөзсіз. Жалпы оқыту әдістері — педагог пен оқушының жұмысын реттеп отыратын ережелер болғандықтан, барлық пәнді оқытқанда қолданылады. Оқыту принципіне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы нәтижеге жете алады. Соның бірі — интеграциялау принципі. Интеграция — әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, математика мен жаратылыстану, қазақ тілі мен шет тілі, дүниетану мен еңбекке баулу т.б өзара жеке пәннің ішіндегі материалдық байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Сонымен қатар педагогтердің де бірлескен жоспар құруына мүмкіндік беретін принциптің бірі деп айтуға болады.