13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА — БАҚЫЛАУДА

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА — БАҚЫЛАУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың есептік баяндамасын тыңдады. Бүгінгі таңда 2023 жылдың 1 қарашасына дейін жалпы 18 956 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде — 10607 адам тұрақты жұмысқа, 8349 адам субсидияланатын уақытша жұмысқа орналасқан.
Жастарға қолдау көрсету мақсатында биыл 261 азаматқа жеңілдетілген несие беру көзделген.

Бүгінгі таңға 231 үміткер бизнес жобасын өз деңгейінде қорғап, комиссия қорытындысымен оң шешім тапты. Бес мыңнан астам жұмыссыз азамат қысқа мерзімді оқуға жолданып, кәсіптік білім алуда. Оқу сәтті аяқталған соң ол азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылады. Биыл қаламызда 452 адам грант иегері атанды.

Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту шаралары мен зейнет жасындағы азаматтарға да әлеуметтік қолдау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Еске сала кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында қызметкерлердің құқықтарын қорғау, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATШымкент
Previous Post

ТЕННИСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

Next Post

САУРАН АУДАНЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘН БІРЛЕСТІГІНДЕ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі