13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50 ЖЫЛДАРЫ БАСЫЛҒАН КӨНЕ КІТАП САҚТАУЛЫ ТҰР

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50 ЖЫЛДАРЫ БАСЫЛҒАН КӨНЕ КІТАП САҚТАУЛЫ ТҰР
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы, №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 1957 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан басып шығарылған Абай Құнанбайұлының екі томдық шығармалар жинағы сақталған. Бұл мектеп кітапханасындағы көне әрі құнды кітаптардың бірі болып табылады. Кітапханашы Гүлмира Турысбекованың айтуынша, мұндай кітаптарға оқырмандар тарапынан сұраныс көп екенін айтады:
— Мектеп кітапханасында жалпы 15351 кітап бар, оқулық саны — 14456, әдістемелік кітаптар — 177, анықтамалық кітаптар — 56, сөздіктер — 29, электронды оқулықтар — 239, әдеби кітаптар — 394 дананы құрайды.
Соның ішінде ең көне кітап 1957 жылғы Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағының 1-томы қолданысқа ие болып тұр. Кітап мектеп кітапханасында 66 жылдан бері сақтаулы. Мұндай құнды жәдігерлерді біз көздің қарашығындай сақтауымыз қажет,-дейді Гүлмира Турысбекова.
Айта кету керек, мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, балаларды кітап оқуға баулу мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылып келеді.
Еске салсақ, Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылған-ды.Жылжымалы кітап пункті екі бөлімнен тұрады. Бірінші бағыт «Ашық қор» деп аталады. Ал соның жанындағы «Негізгі қор» бөлмесінде оқырманның кітап оқуы үшін оқу жағдай жасалған. Сондай-ақ кітапханаға келушілер үшін ақылы негізде сусын мен кофе ішетін орын да қарастырылған. «Ашық әкімдік» кеңсесінің ішінен ашылған кітап сөресінде қазіргі таңда 1000-ға жуық кітап қоры жасақталды. Оның ішінде әр түрлі бағытта, атап айтқанда мотивациялық, көркем әдебиет, психологиялық, тарих, дінтану тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар бар. Жергілікті шебер Жанболат Сүйімбайдың қолынан шыққан, ешкінің терісінен жасалған бұйымда Абайдың «Қара сөздері» жазылған.
Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері пергамент қағазынан әзірлеген «Диуани хикметтің» көшірмесі ұсынылған. Көне Күлтегін жазбасының да үлгісін осы жерден көруге болады. Қауырсын үлгісіндегі кітап стеллажы да көз тартады. Сонымен қатар оқырман сұранысына қарай қажетті кітаптарды облыстық кітапханадан қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова баяндады.
Жалпы облыстағы 396 кітапханаға биыл жыл басынан бері 40 мыңға жуық кітап алынған. Әлі де қажетті кітаптармен толықтыру жоспарлануда. Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.

Previous Post

САУРАН: «ДАРАБОЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ДАРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Next Post

Түркістан облысындағы кітапхананың ең кішкентай оқырманы 2 жаста

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі